374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимпиада 2018: 13 ақпан күні «Хабар» арнасындағы көрсетілім кестесі

  • 764
  • UPD: 12:24, 13.02.2018
Олимпиада 2018: 13 ақпан күні «Хабар» арнасындағы көрсетілім кестесі

Оңтүстік Корея жерінде өтіп жатқан дүбірлі додада еліміз жалпыкомандалық есепте 17-орында.

Қоржынымызда могул шебері Юлия Галышева салған жалғыз қола бар. 13 ақпан күні жарыс жолына тау шаңғы спортынан ерлер сынға түседі. Мұнда ел намысын Игорь Закурдаев қорғайды. Ақтық сынды сағат 12.00-де «Хабар» арнасы көрсетеді. Ал сағат 13.40-та әйелдер арасындағы хоккейді осы арнадан тамашалай аласыздар. Сондай-ақ әйелдер арасындағы шана спортынан финал 16.30-да өтеді. Кешкі сағат 21.30-да ерлер арасындағы шаңғы жарысын да «Хабар» арнасынан көруге болады. Естеріңізге сала кетейік, осы күні Алексей Полторанин мен Анна Шевченко бастаған толағайлар шаңғымен классикалық стильде жүгіру, спринт сайыстарында медаль үшін таласады. Шорт-трекші Анастасия Крестова мен Ким Йонг А 500 метрге жүгіруде мықтылықтарын дәлелдейді. Ал Роман Креч, Денис Кузин, Федор Мезенцев, Артем Крикунов, Станислав Палкиндер болса конькимен жүгіру сайысында 1 500 метр қашықтықты еңсермек.

Спорттық бәсекелерді http://khabar.kz/olympic/kz/live сілтемесі арқылы немесе «Хабар» арнасынан көруге болады.

Осы категория бойынша: « Пхенчхан: И.Закурдаев тау шаңғысынан 42-нәтиже көрсетті Қазақстандық шаңғышы А.Шевченко Олимпиадада ширек финалға өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы