367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алексей Полторанин Олимпиаданың спринт жарысында финалға шыға алмады

  • 364
  • UPD: 18:03, 13.02.2018
Алексей Полторанин Олимпиаданың спринт жарысында финалға шыға алмады Фото: Sports.kz

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында классикалық спринттік сайыста финалға шыға алмады.

Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады.

Біздің отандасымыз ширек финалдың бірінші алтылығында өнер көрсетіп, мәре сызығын төртінші болып кесті.

Бұл сайыста норвегиялық Йоханнес Клейбо мен швециялық Теодор Петерсон бірінші және екінші болып келіп, финалға шықты.

Еске салайық, іріктек кезеңінде Алексей Полторанин қашықтығын қазақстандық шаңғышы 3 минут 14.43 секундта жүріп өтті. Нәтижесінде ол 13-орынмен ширек финалға шыққан еді.

Бұған дейін шаңғы спортының қыздар арасында сынға түскен отандасымыз Анна Шевченко да финалға шыға алмады. Ол 3 минут 23,56 секунд уақыт көрсетіп, бірінші алтылықта соңғы орын алды.

Осы категория бойынша: « Олимпиаданың жалпымедальдық көрсеткішінде Қазақстан 17-орынға жайғасты Шорт-тректен Қазақстан құрамасы эстафетада Олимпиаданың финалынан тыс қалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы