364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимпиада 2018: 14 ақпандағы жарыстар кестесіне өзгерістер енгізілді

  • 470
  • UPD: 11:53, 14.02.2018
Олимпиада 2018: 14 ақпандағы жарыстар кестесіне өзгерістер енгізілді

Бүгін Пхенчханда қатты жел соғып тұр.

Соған байланысты тау шаңғысының жарыстары кейінге шегерілді.

Аталған спорт түрінен ел намысын қорғап жатқан қазақстандық спортшы Мария Григорова жарыс жолына шығуы тиіс болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті жарыс кестесін 16 ақпанға ауыстырды. Отандасымыз кешегі жоспар бойынша бүгін Астана уақытымен 10:15 іріктеу сынына, ал одан сүрінбей өтсе 15:45-те финалдық сында өнер көрсетуі керек болған. Сонымен бүгін қазақстандық спортшылар Пхенчхан Олимпиадасында тек екі спорт түрінен сынға түседі. Олар – биатлоншылар мен конькишілер.

Ақпарат көзі: inform.kz

Осы категория бойынша: « Олимпиада 2018: 14 ақпан күні «Хабар» арнасындағы көрсетілім кестесі Астанада өтетін шаңғы фестиваліне екі мыңнан астам адам қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы