367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейлік бапкер Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін

  • 253
  • UPD: 11:56, 14.02.2018
Ресейлік бапкер Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін vesti.kz

Ресейлік маман Олег Кононов футболдан Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін. Ақпараттар бойынша 51 жастағы бапкердің агенттері Қазақстан футбол федерациясымен қазіргі уақытта соңғы келіссөздерді жүргізіп жатыр екен. Келісімшарт екі жылға жасалуы мүмкін.

Кононов 2013 және 2016 жылдар аралығында «Краснодар» клубының тізгінін ұстаған кезде көпшілікке кеңінен танылды. 2014-2015 жылғы маусымда ол Ресей біріншілігінің үздік бапкері атанды. Бұл маманның бастамасымен «Краснодар» бірінші рет біріншіліктің қола жүлдесін жеңіп, Ресей кубогының финалына және еурододаға жолдама алды.

«Краснодардың» тізгінін ұстағанға дейін ол 2004 және 2008 жылдары молдовалық «Шериф» клубын жаттықтырды. Кейін украиналық «Карпаты» командасымен жұмыс істеп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты.

Кононовтың тәлімгерлерінің қатарында Юрий Газинский, Александр Епуряну, Рэзван Кочиш, Ари, Рикардо Лаборде, Одил Ахмедов, Жоаозинью, Павел Мамаев, Андреас Гранквис секілді танымал футболшылар бар.

Кононовтың соңғы жұмыс орны Грозный қаласының «Ахмат» клубы болды. Бұл клубпен ол 2017 жылдың қараша айына дейін жұмыс істеді.

Еске салайық, Қазақстан футбол федерациясы өткен айда Бородюктің қызметінен кеткені туралы хабарлаған болатын. 55 жастағы маман Қазақстан құрамасымен 7 кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіліп, бір кездесуде тең ойнады.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « Астанада өтетін шаңғы фестиваліне екі мыңнан астам адам қатысады Чемпиондар лигасы тарихында ең жылдам дубль авторларының рекорды жаңарды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы