367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чемпиондар лигасы тарихында ең жылдам дубль авторларының рекорды жаңарды

  • 512
  • UPD: 16:08, 14.02.2018
Чемпиондар лигасы тарихында ең жылдам дубль авторларының рекорды жаңарды vesti.kz

Кеше өткен «Ювентус» пен «Тоттенхэм» клубтары арасындағы кездесуде Гонсало Игуаин 8 минут 7 секунд ішінде 2 гол соғып, дубль жасады.

Туриндік клубтың аргентиналық сұрмергені ойындағы алғашқы голын 2 минутта соқты. 9 минутта пенальтиді сәтті орындап, өз рекордын орнатты. Осыған дейінгі ең жылдам дубль рекорды аргентиналық Хулио Рикардо Крус еншісінде еді. Ол 2006 жылы «Интер» сапында ойнап, Мәскеудің «Спартак» командасы қақпасына 8 минут 30 секунд ішінде 2 гол соққан еді.

Гонсало Игуаин рекорд жасаған ойында «Ювентус» пен «Тоттенхэм» 2:2 есебімен тең тарқасты. Тіпті аргентиналық шабуылшының ойында хет-трик жасауға мүмкіндігі болған. Алайда бірінші тайм аяқталар тұста футболшы пенальти тебуде қателесті. Ағылшындық клуб сапында Харри Кейн мен Кристиан Эриксен гол соқты.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « Ресейлік бапкер Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін Олимпиада 2018: Биатлон бойынша жарыстар кейінге шегерілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы