389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір орын төмен сырғыды

  • 492
  • UPD: 23:42, 15.02.2018
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір орын төмен сырғыды

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) жаңарған рейтингін жариялады.

Қазақстан құрамасы 1 саты төмендеп, 136-орынға тұрақтады.

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер жоқ. Германия құрамасы көш басында болса, екінші орында Бразилия құрамасы келеді. Үштікті Португалия құрамасы қорытындылап тұр.

1 (1). Германия – 1 602 ұпай
2 (2). Бразилия – 1 483
3 (3). Португалия – 1 358
4 (4). Аргентина – 1 348
5 (5). Бельгия – 1 325
6 (6). Испания – 1 231
7 (7). Польша – 1 209
8 (8). Швейцария – 1 190
9 (9). Франция – 1 183
10 (10). Чили – 1162.

Қазақстан құрамасы қаңтар айында ойындар өткізген жоқ. Әзірге ұлттық құрама жаттықтырушысы да тағайындалған жоқ. Отандастарымыз наурыз айында екі жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен 23 наурыз күні Венгрия құрамасымен ойнайды. Араға үш күн сала Болгария құрамасымен кездеседі.

Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы