385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пхенчхан: фристайлшы Бадрутдинов финалға шыға алмады

  • 462
  • UPD: 18:53, 17.02.2018
Пхенчхан: фристайлшы Бадрутдинов финалға шыға алмады blogspot.com

Пхенчханда фристайлдан да кезекті медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Ерлер арасындағы бәсекеде ел намысын Ильдар Бадрутдинов қорғады.

Ол алғашқы мүмкіндігінде 89,18 ұпай алды. Бұл нәтиже келесі кезеңге өтуге жеткіліксіз. Ал екінші мәрте секіргенде алдыңғы көрсеткішін 5 ұпайға жақсартты. Бірақ бәрібір финалға өтетін үздік алтылықтың қатарына ене алмады. Осылайша 18 жастағы жерлесіміз Олимпиаданы іріктеу сынында аяқтады. 

Айта кетейік, байрақты бәсекенің алғашқы күндері дәл осы спорт түрінен ұлттық құрама қоржынына алғашқы және әзірге жалғыз медаль түсті. Қыздар арасындағы сында жерлесіміз Юлия Галышева қола жүлдегер атанды.

Хабар 24 телеарнасы