389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналду Бенземаның орнын басатын футболшыны тапты

  • 459
  • UPD: 18:37, 19.02.2018
Роналду Бенземаның орнын басатын футболшыны тапты thetimes.co.uk

Мадридтік «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду клуб басшылығынан лондондық «Тоттенхэм» сұрмергені Харри Кейнді жазғы трансферлік маусым кезінде сатып алуы туралы өтініш білдірді.

Карим Бенземаның ойыны «Реал» басшылығына ұнамайтын көрінеді, сол себепті командадан жазда кетуі мүмкін. Роналду ағылшын футболшысының ауысуын қолдап, күтіп отырғанын ашық айтты. 

Осыған дейін Роналду «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зиданға Чемпиондар лигасының 1/8 финалында француздық «Пари Сен-Жермен» командасымен өткен ойынға Бенземаны алаңға шығармауды сұраған. Зидан өз отандасын қорғап бағуда, алайда «Реал» жанкүйерлері командадан француздық футболшының кетуін қалап отыр. 

БАҚ мәліметінше, «корольдік клуб» Кейн үшін 200 миллион еуро беруге дайын. 24 жастағы ағылшын сұрмергеніне «Ювентус» командасы да көз тігіп отыр. Туриндіктер 250 миллион еуро беретіндерін де ашып айтты. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы