384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық гимнаст қыз халықаралық турнирде үш бірдей медаль жеңіп алды

  • 545
  • UPD: 11:12, 21.02.2018
<span class=favorites>Қазақстандық гимнаст қыз халықаралық турнирде үш бірдей медаль жеңіп алды</span> liter.kz

Қазақстандық гимнаст Сәбина Кикимова «Валентин Аруы 2018» бойынша өткен халықаралық байқауда 2 алтын және 1 күміс алқаны жеңіп алды. 

Бұл туралы prosports.kz хабарлады.

Байқау Эстонияның Тарту қаласында өтті. Онда әлемнің 27 елінен бір мыңнан астам гимнасттары жиналды. 

«Валентин Аруы» байқауы – Эстониядағы гимнастика бойынша өтетін ең ірі халықаралық жарыс. Тарту гимнастика апталығы және «Валентин Аруы» байқауы Эстония Республикасының 100 жылдық мерейтойына арналған шаралармен тұспа-тұс өткізілді. 

Қазіргі уақытта гимнастикаға байланысты әр түрлі іс-шаралар өткізіліп, әлемнің үздік спортшылары мен жаттықтырушыларының жетекшілігімен тренингтер өткізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы