375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналық құтқарушылар өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан чемпионы атанды

  • 909
  • UPD: 12:16, 21.02.2018
Астаналық құтқарушылар өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан чемпионы атанды astana.gov.kz

Өскеменде ерлер арасында өрт сөндіру-құтқару спортынан ҚР XXVI қысқы чемпионаты, қыздар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спортынан ҚР IV қысқы чемпионаты және жасөспірімдер арасындағы ҚР III қысқы чемпионаты өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жарысқа 14 облыстың және Астана, Алматы қалаларының, сондай-ақ Көкшетау техникалық институтының және Тараз мамандандырылған колледжінің өкілдері қатысты.

Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласы ТЖД әйелдер және ерлер құрама командасы жалпыкомандалық бірінші орынға ие болып, Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды. 

Спортшылар астаналық гарнизонды абыроймен таныстырды. Ерлер арасындағы оқу мұнарасының төртінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілуде 161 қатысушының арасынан мықты сегіздікке бес спортшымыз енді: Жасұлан Қайсарбеков, Мирас Дүйсеков, Марат Саликов, Николай Буторин және Нұралы Мағау. Финалдық жүгіруде бірінші орынды Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кәсіби даярлық бөлімшесінің нұсқаушысы Жасұлан Қайсарбеков бірінші орынға ие болды. Ол 13,42 секунд нәтижесімен сегізінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды.

Ерлер арасындағы кедергісі бар жүз метрлік жолақтан өтуде Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 16-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Николай Буторин және Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кәсіби даярлық бөлімшесінің аға нұсқаушысы Орал Жылқайдаров қатысты. Бұл жарыста Николай Буторин чемпион атанды, ол екі сатылы сайыста да үздік атанды.

Ерлер арасындағы кедергісі бар жүз метрлік жолақтан өтуде Астана қаласы. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 4-МӨСБ Нұргүл Сүлейменова күміс жүлдегер атанды. Үлкен топтағы жасөспірімдер арасында ҚазАТУ студенті Аңсар Шамшоллаев чемпион атанды. Екінші орынды № 3 МГ 11-сынып оқушысы Петр Подгородецкий иеленді.

Өрт сөндіру-құтқару спорты – өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын, әртүрлі тәсілдер кешенін орындаудан тұратын, қызметтік-қолданбалы спорт түрі.

Хабар 24 телеарнасы