388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Динара Сәдуақасова үздік 20 шахматшының қатарына енді

  • 935
  • UPD: 16:58, 21.02.2018
Динара Сәдуақасова үздік 20 шахматшының қатарына енді

Халықаралық шахмат федерациясы (ХШФ) үздіктердің тізімін шығарды.

Аталған көрсеткіште қазақстандық шахматшы қыз Динара Сәдуақасова 19-орынға орналасты.

Отандасымыз Гибралтарда өткен ашық турнирде бақ сынап, тамаша нәтиже көрсетті. 50 елден 276 ойыншы қатысқан жарыста Динара үш рет жеңіске жетті. Ол екі кездесуін гроссмейстер атағы бар ер азаматтарға қарсы өткізді.

Осы жеңістерінің арқасында Динара халықаралық рейтингте үздік 20 шахматшының қатарына еніп отыр.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы