384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы қысқы марафонға мыңнан аса адам қатысуда

  • 398
Алматыдағы қысқы марафонға мыңнан аса адам қатысуда

Алматыда 2018 жылдың алғашқы марафоны шаһардағы Тұңғыш Президент саябағынан бастау алды.

Осы жолғы қысқы марафонға қатысушылар саны өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Биыл 1000 адам ересектер, жасөспірімдер және жұптық эстафета жолақтары бойынша сынға түсті. Шараға қатысушылар арасында жасы 75-тен асқан қарттар да бар. «Бұл – маусымдық марафондардың бірі. Негізгі шара сәуір айында халықаралық деңгейде өтпек. Оған 14 мың желаяқ қатысады», – дейді ұйымдастырушылар. Салауатты өмір салтын дәріптеуге арналған жарысқа қатысуға тіркеу басталып кетті.

Салтанат Қазыбаева, «Алматы марафонының» директоры:

– Бүгінгі қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Ересектер 10 шақырым, балалар 3 шақырымды бағындырады және жұптық эстафета болады. Бүгінгі қатысушылар саны мыңнан асты. Осыған дейінгі қысқы марафонға 700 жуық адам қатысатын.

Хабар 24 телеарнасы