387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақ Олимпиада: әйелдер арасындағы шаңғы жарысында Норвегия жеңді

  • 541
  • UPD: 17:11, 25.02.2018
Ақ Олимпиада: әйелдер арасындағы шаңғы жарысында Норвегия жеңді pixabay.com

XXIII қысқы Олимпиада ойындарының соңғы күнінде медальдарды шаңғышы қыздар сарапқа салды.

Отыз шақырымға созылған шаңғы марафонында шоқтығы биік спортшылар болғаны анық. Солардың ірісі Марит Бьорген еді. Норвегияның бағына біткен қыз бұған дейін жеті дүркін Олимпиада чемпионы атанып үлгерген.

Амангелді Сейтханов, тілші: 

- Майталман Марит сегізінші бас жүлде жолында да аянып қалған жоқ, ә дегеннен өзгелерден қара үзіп, мәре сызығын да жеке дара кесті. Тарих тағы бір керемет нәтижемен толықты. Бьорген олимпида ойындарының сегіз дүркін чемпионы. Маритті қуып жетуі тиіс шаңғышылардың бірі Криста ПармакОски еді. Фин қызы жарыс қортындысында екінші орынға табан тіреді. Біз өз спортшыларымыз өнеріне мән бердік. Іркес тіркес жүргенді жөн көрген үшеуі әлгі Бьоргеннен бір айналам қалып қойды. Қалғандары соншалықты Мариттен кейін шамамен он үш минуттан соң бәсекені аяқтады. Уақыт көрсеткіштері сын көтермейтінін сезетін шығарсыз. 

Елена Коломина, шаңғыдан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Қалжырап қалдық. Олимпиада бір жағынан дұрыс өтті деуге болады. Шаңғы жолына өкпе жоқ. Кемшілік өзімізден шығар.  

Елена Коломина мен Валерия Тюленевға қарағанда мәреге Анна Шевченко тың келді. Отыз бірінші орын Аннаға тиесілі. 

Анна Шевченко, шаңғыдан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Менің тұңғыш Олимпиадам ғой. Өзіме сабақ болды. Тәжірибе толысты. Қалғанын болашақта көре жатармыз. Шама келгенше өнер көрсеттік. 

Бұл ойындарда бізге ұнаған бір шаңғышы болса ол Валерия Тюленева. Әлгі Олимпиададан алғашқы күнінде шаңғысы шешіліп кететін қыз ше. Марафонда отыз екінші спортшы атанды. Он үш спортшыны артқа тастап кетті. 

Валерия Тюленева, шаңғыдан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Сабақ болды. Енді бағытта жұмыс істеу керектігін анық білдім. Өмірден сабақ алмай алға басу мүмкін емес. Еңбек, еңбек арқылы ғана ертең жеңіске жете аласың. 

Ойындар аяқталды. Ой қалды. Оны елге келгенде тарқатамыз.

Авторлары: Амангелді Сейтханов, Ольга Лянь

Хабар 24 телеарнасы