375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда су добынан ел чемпионаты өтуде

  • 725
Таразда су добынан ел чемпионаты өтуде

Таразда су добынан қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыста 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер өнер көрсетуде. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Орал және Тараз қалаларынан үздік 5 команда қатысып отыр. Жалпы саны 100-ге тарта спортшы келген. Республикалық шараның бүгін үшінші туры аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шешуші кезең Алматы қаласында өтеді. Ал шеберлігімен көзге түскен ойыншылар ел құрамасына іріктеледі. Чемпионат 2 наурызға дейін жалғаспақ.

Дамир Темірханов, мемлекеттік жаттықтырушы:

– Ұпай бойынша Тараз қаласы бірінші орында келе жатыр. Жалпы су добынан Жамбыл облысы үздік ретінде болып саналады. Қазақстан Республикасын құрамасында 50 пайыз ойыншы Жамбыл облысынан.

Дәулетбай Есімбеков, «Тараз Арена» спорт кешенінің директоры:

–Тараз командасы бірінші орында келе жатыр екен. Әрине оның барлығы біздің «Тараз Аренаның» істеп отырған қызметінің арқасында. 2016 жылы кемінде келген адам саны 202 мың адам болатын болса, 2017 жылдың қорытындысымен 325 мың 400 адам біздің қызметімізді пайдаланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы