386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


УЕФА Чемпиондар лигасында бейнеқайталау жүйесін қолданудан бас тартты

  • 842
  • UPD: 23:37, 27.02.2018
УЕФА Чемпиондар лигасында бейнеқайталау жүйесін қолданудан бас тартты Eurosport

Чемпиондар лигасының келесі жылғы маусымында төрешілер бейнеқайталау (VAR) жүйесінің көмегіне жүгінбейді.

Бұл туралы УЕФА президенті Александер Чеферин айтты. 

«Жанкүйерлер футболды VAR экраны бойынша әрдайым көріп отырғанымен, оның қалай жұмыс істейтінін ешқайсысы білмейді. Мен үшін бұл жақсы жоба, дегенімен біз мұны іске қосуға асықпауымыз керек», – деп жеткізеді Чефериннің сөзін BBC телеарнасы. 

Футбол ережелеріне жаңашылдықтар енгізіп отыратын Халықаралық футбол қауымдастығының (IFAB) есебінде соңғы екі маусымдағы VAR шешімінің 98,9 пайызы дұрыс болғаны айтылған. 

VAR жүйесін Франция, Италия, Германия және Ресейде өткен Конфедерация кубыгы ойындарында сәтті тестілеуден өткізген.

Еске сала кетейік, 2016 жылы IFAB бейнеқайталау жүйесін тестілеуден өкізуге бекітті. ФИФА 2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатында VAR  жүйесін пайдалануды жоспарлап отыр. VAR жүйесін әдем біріншілігінде қолдану шешімі 3 наурызда ұйым мүшелерінің отырысында бекітілуі тиіс.

Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы