380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Реал» - «ПСЖ» кездесуі Неймарсыз өтеді

  • 401
«Реал» - «ПСЖ» кездесуі Неймарсыз өтеді vesti.kz

Футболдан француздық «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Неймар жарақатына байланысты 6-8 аптаға қатардан шығып қалды.

Бұл туралы футболшының әкесі айтқан.

Бразилиялық сұрмерген жексенбіде, яғни 25 ақпанда Франция чемпионатының «Марсель» командасымен өткен ойында жарақат алды. Көзіне жас алған Неймарды алаңнан санитарлық зембілмен алып кетті. Дәрігерлер оны қарап шыққаннан кейін, тобығындағы жіліншіктің созылғанын және өкшесіндегі сүйектің жарылғанын анықтаған.

«ПСЖ алдағы бірнеше ойындарда Неймарға сенім арта алмайтындарын біледі. Ол кемінде алты апта бойы ойындарға қатыса алмайды. Емдеу мерзімі – 6-8 апта. Ота жасалатынын не жасалмайтыны да белгісіз», – деді футболшының әкесі Рейтерге берген сұхбатында.

Осылайша Неймар Чемпиондар лигасының 1/8 финалында мадридтік «Реалға» қарсы ойынға қатыса алмайды. Кездесу 6 наурызда Парижде өтеді. Бірінші ойында мадридтік клуб 3:1 есебімен жеңген еді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы