385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Юлия Галышева әлем кубогының соңғы кезеңінде финалға шыға алмады

  • 461
  • UPD: 14:16, 03.03.2018
Юлия Галышева әлем кубогының соңғы кезеңінде финалға шыға алмады

Қазақстандық фристайлшы, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева Тазавакодағы (Жапония) әлем кубогының соңғы кезеңінде суперфиналға шыға алмады.

Бірінші финалдық кезеңде қазақстандық спортшы 7-орын алды. Нәтижесінде жүлделі орынға таласатын спортшылар санатына енбей қалды.

Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд 3-орын алды. Павел Колмаков жарысты іріктеу кезеңінде аяқтады.

Айта кетейік, қазақстандық фристайлшылар Олимпиада ойындарынан кейін алғашқы жарысына қатысты.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы