386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


К.Феррер: «Қайрат» Астанаға тек жеңіс үшін келіп отыр

  • 556
  • UPD: 22:21, 03.03.2018

«Астана» футбол клубы қаржылық қиындыққа тап болды. Бұл туралы елордалық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян мәлімдеді.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін ойыншыларға жалақы бөліп төленген. Ал команда ертең алматылық «Қайрат» клубымен кездесуі керек. Қос клуб «Астана-Арена» стадионында суперкубокты сарапқа салмақ. Екі команданың бапкерлері журналистермен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана «Астана» футбол клубының бас бапкері ауысқан еді. Бұған дейін елордалық ойыншыларды жаттықтырған Станимир Стойлов енді Ұлттық құраманың спортшыларын баптайды. 

Григорий Бабаян, «Астана» ФК бас бапкері:

- Бәріміз үшін күтпеген дүние болды. Футболшылар жағдайды түсініп отыр. Жеңіске жету керек. Мақсат айқын. Осы жолда аянбай тер төгеді деген сенімдемін. Жаттығу барысында ойыншылардың дұрыс бағытта келе жатқанына көз жеткізіп отырмыз. 

Карлос Феррер, «Қайрат» ФК бас бапкері:

- Маусымды бастауға асықпыз. Біз үшін ойыннның оңай болмасы белгілі. Бірақ «Қайрат» командасы тек жеңіс үшін келіп отыр. Ертең сәттілік серігіміз болады деген сенімдеміз. Жанкүйерлерге қуаныш сыйлағымыз келеді. Әрине «Астана» футбол клубының құрамында үздік ойыншылар бар. Жақында ғана бапкерлері ауысты. Енді қызықты кездесу болады деп ойлаймыз. 

Айта кетейік, қос команда осымен төртінші рет суперкубокты сарапқа салмақ. Екеуі де екі рет жеңіс тұғырынан көрінді. Алайда ертең қай команданың бағы жанарын уақыт көрсетеді. Тартысты ойынды «Хабар» арнасынан 4 ақпанда сағат 15:00-де тамашалай аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы