385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда Паралимпиада алауының эстафетасы басталды

  • 576
  • UPD: 15:13, 04.03.2018
Оңтүстік Кореяда Паралимпиада алауының эстафетасы басталды Российская газета

Сеулдегі Олимпиада саябағында шырақтарды біріктіру рәсімі өтті.

Елдің бас қаласына Аньян, Нонсан, Чхондо, Очан және Чеджу қалаларынан алаулар әкелінді. Сөйтіп бұл шырақтарды заманауи сандық алаумен және Паралимпиада ойындарының отаны саналатын Англиядан әкелінген шырақпен әрі 1988 жылы Сеулде өткен Паралимпиада отымен қосып біріктірілді. Осыдан соң Паралимпиада алауы бас шаһардан Канвондо провинциясына жеткізіледі. Жалпы шырақты 800 адам алып жүріп, 2018 шақырым жерді басып өтеді. Эстафета Пхёнчханда Паралимпиада ойындары басталатын күні аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, Паралимпиада ойындары 9-18 наурыз аралығында өтеді. Еліміздің намысын 6 спортшы қорғайды.

До Чонг Хван, Корея Республикасының мәдениет, туризм және спорт министрі:

- Паралимпиада ойындары 9 наурыздан басталады. «Пара» сөзі «иық тіресе», «бірігу» дегенді білдіреді. Тағдырдың жазуымен мүгедек болып қалған жандары бар адамдарды ойындарға қатысуға шақырамын. Оларға құрмет көрсетіп, қолайлы жағдай жасайық.

Хабар 24 телеарнасы