387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысты

  • 561
  • UPD: 18:34, 06.03.2018

Головкиннің жолына тағы бір қазақ жігіті түсті.

Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа біржола ауысқанын мәлімдеді. Бүгін былғары қолғап шебері тілшілермен жүздесіп, жоспарларын ортаға салды. Атақты британиялық промоутер Эдди Хирнмен үш жылдық келісім-шартқа отырған жерлесіміз, кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін 28 сәуірде Нью-Йорк қаласында өткізетінін хабарлады. Сосын маусым айында Лондонда тағы бір жекпе-жек күтіп тұр. Данияр 66 келі салмақта жұдырықтасады және екі жылдың ішінде чемпиондық атаққа таласуға мүдделі.

Данияр Елеусінов, Олимпиада чемпионы:

- Америкалық тренерлер болады кәсіпқой боксқа үйрететін баулитын. Әкем де қатымда болады. Екеуі бірлесіп ақылдасып, жұмыс жасайды деген сенімдемін. Нью-Йорк қаласында тұрақтайтын боламын. Сол жақта дайындалам. Негізінде бұл жерді таңдап тұрған себебім ол жерде менің салмағымда мықты қарсыластар, спаринг-партнерлер сол жақта тұрақтаған. Және Эдди айтқандай Лондонда да дайындаламыз бәсекелердің алдында сол жаққа барып, осы екі қала деп ойлаймын.         

Эдди Хирн, промоутер:

- Даниярдың біздің командаға қосылғанына қуаныштымын. Оның супержұлдыз атануға шамасы жетеді. Қазір біздің ұжымда тағы бір Олимпиада чемпионы Энтони Джошуа бар. Елеусінов те сол жігіттің жолымен жүреді. Біз Даниярды чемпион қыламыз. Ең бастысы, дұрыс дайындалу керек. Елеусіновтың техникасы керемет екенін Олимпиадада көрдім. Алдағы жеті жекпе-жектен кейін оның қарымын байқайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы