389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отан алдындағы борышына адал қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді

  • 467
  • UPD: 18:34, 06.03.2018

Әскерилердің спорт комитеті жылдағы дәстүр бойынша осы салада қызмет істейтін қыз-келіншектерді төл мерекесімен құттықтап, сый-сыйапат жасады.

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада өзіне жүктелген міндетті тиянақты атқарып, кәсіби біліктілігімен көзге түскен арулар аз емес. Отан алдындағы борышымен қоса спортта да биік белестерді бағындырған қыздарға қандай құрмет көрсетсе де жарасымды. Бүгін армияшылар ұйымдастырған мерекелік шараға Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл бастаған спортшылар да қатысты.

Хабар 24 телеарнасы