377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда жастар арасында дзюдодан ел чемпионаты басталды

  • 1042
  • UPD: 18:40, 06.03.2018

Талдықорғанда дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды.

Жетісу жерінде төселген татамиде еліміздің әр аймағынан жиналған 500-ге тарта балуан өзара белдесу көркін қыздырды. Талдықорғанда топ жарғандар жаз айында АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына баруы мүмкін. Ұлттық құрамадан орын алу үшін балуандар аянып қалмасы анық. Жарыстың алғашқы күні бес салмақтың мықтылары анықталды. Қыздар арасындағы бәсекеде Қызылордалық Адия Сайын мен алматылық Ғалия Тыныбаева және Диана Аятова ел чемпионы атанды. Кілем иесі Дамир Болатбеков 55 келіде жеңіске жетті. 60 келіге дейінгі салмақта алматылық Алмас Ғалымов топ жарды.

Мұқсым Нұртазин, жарыстың бас төрешісі:

Дзюдо әрбір облыста бар. Барлық қалаларда, барлық райондарда бар. Соған қарап айтуға бізде дамып жатыр деуге болады. Енді әлі де жоғары деңгейге жеткізу үшін мүмкін жаттықтырушыларды оқыту керек шығар. Төрешілерді тағы дайындау керек шығар. Сонда ойлаймын мынау әлемде бірінші орында жүрген, рейтингте жоғары жақта жүрген мемлекеттерден кем болмайтын шығармыз.

Хабар 24 телеарнасы