378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чемпиондар лигасы: Ширек финалға шыққан екі команда анықталды

  • 477
Чемпиондар лигасы: Ширек финалға шыққан екі команда анықталды

Футболдан УЕФА чемпиондар лигасының 1/8-ші финалындағы қарымта кездесулер жалғасады.

«Тоттенхэм» «Ювентусты» қабылдаса, «Манчестер Сити» «Базельді» күтеді. Ал өткен түні ширек финалға шыққан екі команда анықталды. Плей-офф мәселесін алғашқы ойында шешіп тастаған «Ливерпуль» «Портумен» тең тарасты. Ағылшын командасы бірінші кездесуде 5:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы «Реал» да жарысты жалғастырады. Зидан шәкірттері Парижде «ПСЖ»-дан 2:1 есебімен басым түсті. Корольдік клуб сапынан Роналду мен Каземиро гол соқса, алаң иелері Каваннидің добымен жауап қатты. «Реал» алғашқы ойында 3:1 нәтижесімен жеңіске жеткенін айта кетейік.

Зинедин Зидан, «Реал» ФК бас бапкері:

– Біз матчты жақсы бастадық. Жеңіске лайықты ойын үлгісін көрсеттік. Жігіттер қиын кездесуде табандылық танытты. Сол үшін оларға алғыс айтамын. Негізгі құрамда кімдердің шығатынын анықтау маған қиын болды. Себебі командада жақсы футболшылар жетерлік. Келесі кезеңге шыққанымызға қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы