386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қысқы Паралимпиада ойындары салтанатты түрде ашылады

  • 918
  • UPD: 14:18, 12.03.2018
Қысқы Паралимпиада ойындары салтанатты түрде ашылады http://www.ealingtimes.co.uk/sport/

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы паралимпиада ойындары салтанатты түрде ашылады.

Ал 10 наурыздан бастап, 6 спорттан 80 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Кешенді сынға қатысушы 48 елдің қатарында Қазақстан да бар. Біздің құрамадағы жеті спортшы шаңғы мен биатлоннан сайысқа шығады. Ал, кеше халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Оңтүстік Корея астанасы Сеулге келді. Қаланың «құрметті азаматы» мәртебесін алған ол, Пхенчхан ойындарының маңызына тоқталды. Томас Бах қысқы олимпиада мен паралимпиада кешенді сынның құнын арттырып, корей түбегіндегі тыныштықтың сақталуына үлкен әсер еткенін тілге тиек етті.

Томас Бах, Халықаралық олимпиада комитетінің президенті:

- Спорттық ойындардың корей түбегіндегі келіссөздерге әсер етіп, әлемде бейбітшілік салтанат құратынына сенімдіміз. Біз Корея Халық Демократиялық Республикасының ұлттық олимпиадалық комитетімен қарым-қатынасымызды кез-келген жағдайда жалғастыра береміз. Халықаралық олимпиада комитетіне мүше 206 елдің барлық спортшыларына құрметпен қараймыз.

Хабар 24 телеарнасы