386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда қысқы Универсиада аяқталуға жақын

  • 555
  • UPD: 14:25, 11.03.2018

Павлодарда студенттер арасында өтіп жатқан жетінші қысқы Универсиада аяқталуға жақын.

Ойын нәтижесі жаман емес. Шаңғы жарысы, президенттік көпсайыс және спорттық бағдарлаудан,,, Шығыс-Қазақстан мен павлодарлық командалар көш бастап тұр. Пауэрлифтингтен жарыс жеңімпаздары анықталды. Оған еліміздегі 14 жоғарғы оқу орнынан студенттер қатысты. Жеңістен үміткерлер көтерген ең ауыр салмақ 300 келі. Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің студенті Тамир Садуақасов жарыс жеңімпазы атанды. Ол пауэрлифтингпен екі жылдан бері кәсіби түрде айналысып келеді. Аз уақытта Азия және әлем чемпионы атанды. Атап өтерлігі соңғы жылдары елімізде пауэрлифтингке қызығушылық артып келеді.

Тамир Садуақасов, пауэрлифтингтен әлем чемпионы:

- Қарсыластарымыз мықты. Бірде олар, бірде мен озып келемін. Жарыс болған соң солай болуы тиіс. Универсиададан кейін маусымның 5-6-да Алматыда Азия чемпионаты өтеді. Мен сол жарысқа қатысамын. Ал қазан-қараша айларында әлем чемпионатына барамын. 

Борис Горнопых, жарыстың бас төрешісі:

- Өткен жылғы әлем чемпионатында біздің павлодарлық спортшы Андрей Прокопенко ерлер чемпионатында жүлделі екінші орынға ие болды. Жасөспірімдерден павлодарлық Ксения Окапенко да 2-орын алды. Спортшыларымыз осындай өнерімен жеңіске жетуге тырысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы