389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да әуесқой балықшылар арасында жарыс өтті

  • 978
  • UPD: 08:04, 13.03.2018
БҚО-да әуесқой балықшылар арасында жарыс өтті

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында «Қармақта  алтын балық!» атты әуесқой балықшылар арасындағы сайыс өтті.

Оған ауданға қарасты 15 округтен  20 шақты команда қатысты. Осы шара ұйымдастырылған Ұзынкөл су қоймасында сазан, шортан, қаракөз, мөңке мен алабұға секілді балық түрлері молынан кездеседі. Үш сағатқа созылған сайыс нәтижесінде Федоровка ауылдық округінің командасы жеңімпаз атанды. Ұзынкөл ауылдық округі – екінші, ал балалар мен жастар туризм және экология орталығының командасы үшінші орынды еншіледі. «Мақсатымыз  – жастарға балық аулау мәдениетін үйрету. Табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға баулу», – дейді жарысты ұйымдастырушылар.     

Берік Нұрмұханов,  Шалқар ауылдық округінің тұрғыны

- Негізі керекті шара. Бөгетте балықтың тұншықпауына, балықтың өсуіне, ұрпағымызға табиғатты сақтауға үйретеді. Бір командада 4 жігіт қой, қазірдің өзінде 500-дей ойық ойылып қалды. Балыққа оттегімен  демалуға жақсы. Балықтың уылдырық шашатын уақыты келе жатыр.   

Дмитрий Старков, Покатилов балық шаруашылығының директоры:

- Жарысқа 100 шақты әуесқой балықшы қатысып жатыр. Олар көптеген ойықтар ою арқылы су түбіне оттегі жеткізуге көмектеседі. Қазір мұздың үстіндегі қар өте қалың. Сондықтан біз осы қыста 4 рет балықтарды қорғау шарасын ұйымдастырдық. Нәтижесінде су қоймаларында балықтардың қырылу дерегі тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы