384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» Неймарға қызығушылық танытып отыр

  • 342
  • UPD: 15:39, 13.03.2018
«Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» Неймарға қызығушылық танытып отыр Football.ua

Франциялық ПСЖ клубының шабуылшысы Неймар Англия премьер-лигасына ауысуы мүмкін.

Бұл туралы Diario Gol хабарлап отыр. Дереккөздің мәліметі бойынша, париждік клубтан кеткісі келіп жүрген бразилиялық шабуылшыға Манчестердің екі командасы – «Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» ұсыныс жасапты. 

Бұған дейін «Пари Сен-Жермен» клубының президенті Нассер әл-Хелайфи Антеру Энрикемен бірге жуық арада Бразилияға барып, операциядан шыққан Неймардың жағдайын біліп, сөйлесіп қайтатыны белгілі болған еді. Бұл кездесу барысында ПСЖ басшылары Неймарды командада қалдыруға көндіретін болады. Олар алдағы уақытта команда өзінің қалауы бойынша жасақталып, менеджерлер Неймардың тілектерін назарға алатынын түсіндіргісі келеді.

Айта кетейік,Неймардың париждік клубтан көңілі қалып, Испанияға қайта оралғысы келетіні туралы айтылған еді. БАҚ мәліметі бойынша, бразилиялық шабуылшы мадридтік «Реалға» ауысуға дайын. Сонымен қатар шабуылшы «Барселона» басшыларына Каталонияға қайта келуге қарсы емес екенін айтыпты, деп жазады vesti.kz.

Хабар 24 телеарнасы