387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Паралимпиада 2018: Александр Герлиц кезекті рет үздік нәтижеге ие болды

  • 385
Паралимпиада 2018: Александр Герлиц кезекті рет үздік нәтижеге ие болды

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Александр Герлиц кезекті рет үздік нәтиже көрсетті.

Бүгін биатлоннан ерлер арасындағы 12 шақырымдық жарыстар өткен болатын. Жерлесіміз жалпы есепте 6-орынға тұрақтады. Нысана көздеудегі қателіктер оның жүлдегерлер қатарынан табылуына кедергі болды. Ал дәл осы қашықтықта отырып сынға түскендер арасында қазақстандық Сергей Усолцев бар еді. Жарыс қорытындысы бойынша ол 11-орынға тұрақтады. Ал көзі нашар көретіндер арасындағы биатлоннан 12 шақырымдық додада ел намысын Қайрат Қанафин қорғады. Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында көк байрақты ұстап шыққан спортшы он төртінші көрсеткішке ие болды. Алдағы күндері қазақстандық спортшылар тағы бірқатар қашықтық бойынша медальға қол созып көреді. Ал Оңтүістік Кореядағы паралимпиадалық ойындардың өзі 18 наурызға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы