389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекте өткен Азия чемпионатынан қазақстандық қыздар 3 қоламен оралды

  • 474
Бішкекте өткен Азия чемпионатынан қазақстандық қыздар 3 қоламен оралды

Қазақстандық қыздардың Азия чемпионатындағы көрсеткіші көңіл көншітпейді.

Өйткені алтын және күміс жүлдеге қол созар мүмкіндіктері болды. Күрес түрлері бойынша Бішкекте өткен құрлықтық додаға қатысты Гүзел Манюрова осындай пікір білдірді. Қазір Қазақстан күрес федерациясы президентінің орынбасары қызметін атқарып жүрген Олимпиада жүлдегері ұлттық құрамадағы спортшылардың біліктілігін арттыруға бар жағдай жасалып жатқанын айтады. Соның айқын дәлелі – жуырда ғана Астанада ашылған әйелдер күресі академиясы. Қазір қыздар дәл осы орталықта соңғы жекпе-жектеріне сараптама жүргізіп, қателіктерімен жұмыс жасап жатыр. Енді осы құрама биыл Азия ойындары мен Әлем чемпионатына қатысады. Ал алдағы жылы Токио Олимпиадасының жолдамасын сарапқа салады. «Сондықтан жан-жақты жұмыстанып, қыздардың жоғары нәтиже көрсетуіне күш саламыз», – дейді Гүзел Манюрова. Айта кетейік, дәл осы наурыз айында Бішкекте өткен Азия чемпионатынан қазақстандық қыздар 3 қола жүлде жеңіп алды.

Гүзел Манюрова, Қазақстан күрес федерациясы президентінің әйелдер күресі бойынша орынбасары:

– Қыздарымыздың 10 салмақ бойынша жүлдеге ілінетін мүмкіндігі болды. Өйткені әйелдер күресінде нәтижені алдын ала болжау қиын. Соңғы секундтардың өзі бәрін шешіп кетіп жатады. Сондықтан асқан табандылық қажет. Негізгі құрлықтық додадан жыл сайын 2 алтынмен оралатынбыз. Биыл көрсеткіш төмен. Енді оны қалай да жақсарту керек.

Хабар 24 телеарнасы