389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Василий Ломаченко мен Хорхе Линарес өзара мықтыны анықтайды

  • 465
  • UPD: 23:11, 14.03.2018
Василий Ломаченко мен Хорхе Линарес өзара мықтыны анықтайды

WBO  тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Василий Ломаченко мен WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хорхе Линарес жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Boxrec.com сайтына сілтеме жасап.

Спортшылар 12 мамыр күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты Madison Square Garden аренасында жұдырықтасатын болады. Ломаченко шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, 10 кездесуде жеңіске жетсе, Хорхе 44 жекпе-жек өткізіп, 3 рет қана жеңіліске ұшыраған.

Айта кетейік, Василий Ломаченко соңғы жекпе-жегін Гильермо Ригондаға қарсы өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жеткен болатын. Ал Линарес Мерсито Гестаны төрешілер шешімі бойынша ұтқан.  

Хабар 24 телеарнасы