386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Александр Колядиннің бапкері: Қуанышым қойныма сыймады

  • 332
Александр Колядиннің бапкері: Қуанышым қойныма сыймады

«Александр Колядин – қиындыққа мойымайтын жігерлі азамат. Одан әрқашан да жеңіс күттім!».

Пхенчхандағы Паралимпиада алтын медалін еншілеген қазақстандық шаңғышы жайлы бапкері Александр Писковой осылай дейді. Өңірдегі тілшіміз Абылай Мауданов чемпионның жаттықтырушысымен телефон арқылы тілдескен еді. Александр Колядин – 1997 жылы көлік апатына түсіп, оң аяғынан айырылған. Әйтсе де, спорттан қол үзген жоқ. Әуелде күреспен шұғылданған ол, ұзақ жылғы үзілістен соң 2011 жылы шаңғы тебуге ықыласы ауды. Бір жылдан соң үлкен нәтиже көрсетіп, Қазақстан чемпионатына барды, Екі-үш жылда ел құрамасына алынды. Шәкіртімнің жеңісі – күллі еліміздің абыройы», – дейді бапкері.

Алексанр Писковой, Александр Колядиннің бапкері:

– Тікелей эфирден тапжылмай көрдім. Шәкіртім үшін қатты қобалжып, тақым қысып отырдым. Мен оның жүлдесіз келмейтінін білгенмін, кемі үшінші орын алар дегенмін. Алтын алғанда, қуанышым қойныма сыймады. Ол – жеңіске лайық жігіт.

Хабар 24 телеарнасы