388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олимпиада чемпионы психиатриялық ауруханаға түсті

  • 661
Олимпиада чемпионы психиатриялық ауруханаға түсті prosports.kz

Оңтүстіккореялық конькиші Ким Бо Рым өзінің анасымен бірге психиатриялық ауруханаға жатып қалды.

Дәрігерлер Кимнің денсаулығында кінәрат барын анықтап, оған ауруханада ем қабылдап шығуға кеңес берген. Оның анасында да дәл сол симптомдар анықталды. Сондықтан ол да қызымен бірге емделмекші.

Пхенчханда өткен Олимпиадада Ким дауға қалған. Ол Оңтүстік Корея спортшыларының топтық жарыстағы нашар көрсеткішін командаласы Но Сун-йонгтан көрген. 

Осыдан кейін Корея халқы Олимпиаданың күміс жүлдегеріне наразылықтарын білдіріп, 600 мың кісі «Ким үлттық құрамадан шығарылсын» деп өтініш жазған.

Оқиғадан қорқып қалған спортшы адамдармен кездесуден қашып, ақыры жындыханаға түсті. 

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы