Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Паралимпиада: Қазақстандық шаңғышылар жүлдегерлер қатарына іліге алмады

  • 486
  • UPD: 17:51, 16.03.2018
Паралимпиада: Қазақстандық шаңғышылар жүлдегерлер қатарына іліге алмады Фото: inform.kz

Пхенчхан төрінде қысқы Паралимпиада ойындарының кезекті жарыс күні аяқталуы жақын.

Бүгін жерлестеріміз биатлон бәсекесінде медальға қол созып көрген болатын. Бірақ, өкінішке қарай, жүлдегер қатарына ілікпеді. Қазақстандық спортшылар арасында ең тәуір көрсеткіш Александр Герлицке тиесілі. Ол ерлер арасындағы 15 шақырымдық жарыста 7-орын алды. Ал Сергей Усолцев 13-сатыға тұрақтады. Бұған қоса көзі нашар көретіндер арасындағы 15 шақырымдық додада ел намысын Қайрат Қанафин қорғаған болатын. Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында көк байрақты ұстап шыққан спортшы жалпы есепте 14-көрсеткішке ие болды. Ұлттық құраманың бас бапкері бұл нәтижелер көңіл көншітерлік дейді. Өйткені бұрын-соңды қазақстандық спортшылар алдыңғы ондыққа ілігіп көрмеді. Тіпті Сочи Олимпиадасында бір ғана жерлесіміз сынға түсіп еді. Ал қазір 3 спортшымыз қатысып жатыр және осының өзі үлкен жетістік дейді бапкер.

Василий Коломиец, шаңғы жарысы мен биатлоннан Қазақстан Паралимпиада құрамасының бас бапкері:

– Александр Герлицтің бұдан да жақсы нәтиже көрсететін мүмкідігі болды. Өкінішке қарай, ол нысана көздеуде 4 рет қателесті. Ал әр қателік үшін 1 минуттан қосатынын ескерсек, көрсеткіш жаман емес. Бұл Паралимпиада жерлестеріміз үшін керемет мектеп болды. Біраз тәжірибе жинады. Алдағы уақытта бұл спортқа жастарды көбірек тартып, бұдан үлкен көлемде қысқы ойындарға қатысамыз деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы