384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жансая Әбдімәлік оқыған университетте шахмат турнирі ұйымдастырылды

  • 683
  • UPD: 22:38, 16.03.2018
Жансая Әбдімәлік оқыған университетте шахмат турнирі ұйымдастырылды

Алматыдағы Ақпараттық технологиялар университетінде шахматтан жоғарғы оқу орындары арасындағы командалық жарыс басталды.

Наурыз мерекесіне орай өткізіліп отырған турнирге 15 команда қатысуда. Салауатты өмір салтын насихаттап, студенттер арасында шахматқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған жарыс екі күнге созылады. Жеңімпаз командалар сенбі күні анықталады.

Айта кетейік, жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтуде. Соңғы уақыттары елімізде осы бір зияткерлік ойынның көкжиегі кеңейіп келеді десек болады. Бір ғана мысал, осы Ақпараттық технологиялар университетінің студенті Жансая Әбдімәлікпен дәл қазіргі таңда әлем мықтылары санасады. Осы жарысқа мәртебелі мейман ретінде келген Жансая турнирге қатысушыларға қолтаңбасын қалдырып, естелік суретке түсті. Әбдімәлік бір аптадан кейін Македонияда басталатын халықаралық турнирде ел намысын қорғайды.

Мүслім Серғазиев, жарысты ұйымдастырушы:

– Бұл жарыстардың мақсаты – шахмат интеллектуалды ойын болғандықтан, соған студенттерді баулу. Өте қызықты өтеді. Ең мықты деген командалар қатысады. Және осы шахмат турниріне Жансая Әбдімәлік те қатысып отыр. Ол қыз халықаралық гроссмейстер, бұны бәрі біледі. Біздің университетіміздің студенті.

Хабар 24 телеарнасы