384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Паралимпиада: Қазақстандық шаңғышылар алтыншы келді

  • 462
  • UPD: 13:42, 18.03.2018
Паралимпиада: Қазақстандық шаңғышылар алтыншы келді Вестник Кавказа

Пхёнчханда өтіп жатқан паралимпиада ойындарында қазақстандық шаңғышылар командалық эстафетада алтыншы орын иеленді.

2,5 шақырымдық эстафетада ел намысын қорғауға Александр Колядин, Денис Петренко және Александр Герлиц шыққан болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Александр Колядин – 1 жарым шақырымдық спринт бәйгесінде топ жарып, Қазақстан тарихында паралимпиада чемпионы атанған алғашқы спортшы.

Хабар 24 телеарнасы