383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Латвияда «күмәнді» матч өтті

  • 362
Латвияда «күмәнді» матч өтті

23 наурызда Ригада Mercure Riga Cup турнирінде латвиялық Латгалия қаласының екі командасы кездескен – «Резекне» және «Прейли».

Матч үлкен дауға айналды – жеңісіне 12 коэффициент ұсынылған аутсайдер фаворитті 8:0 есебімен тас-талқан етті.

Матч алдында «Резекне» айқын фаворит саналған. Оның үстіне, «Прейли» бұған дейінгі екі матчта жалпы есепте 18:0 болып ұтылған еді.

Алайда бұл матчтың алғашқы минутынан-ақ аутсайдер команда басымдық танытты. Нәтижесінде 27-минутта таблода «Прейлидің» пайдасына 5:0 есебі тіркелген. Бір қызығы, «Резекне» қорғаушылары қарсыластың шабуылшыларына бөгет болуға тырыспағанға ұқсайды. Осылайша, кездесу 8:0 есебімен аяқталды.

Енді Латвия футбол федерациясы осы матчқа қатысты тексерісті бастады. Федерация бұл жолдастық турнирге қатысы жоқ, бірақ күмәнді матч болғандықтан, оны тексеретінін жеткізді.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы