384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасы Хорватиямен өтетін Дэвис кубогына дайындықты бастады

  • 511
  • UPD: 19:40, 27.03.2018

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы аясында Хорватия теннисшілерімен өтетін кездесуге дайындықты бастады, деп хабарлайды теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Қазір Хорватия жеріндегі жаттығу базасында Александр Недовесов, Тимур Хабибулин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев және Роман Хасанов қатарлы теннисшілер бар көрінеді. Ал оларға бүгін АҚШ-тағы турнирден оралған Михаил Кукушкин қосылады.

Естеріңізге сала кетейік, Хорватия - Қазақстан кездесуі 6-8 сәуір аралығында Хорватияның Вараждин қаласында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы