384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


UEFA Еуродода матчтарының басталу уақытына өзгеріс енгізді

  • 327
UEFA Еуродода матчтарының басталу уақытына өзгеріс енгізді ua-football.com

Еуропа футбол қауымдастығы (UEFA) Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы ережелеріне бірқатар өзгерту енгізді. Бұл ережелер келесі маусымнан бастап атқарылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты UEFA-ның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Матчтардың басталу уақытына қатысты өзгертулер:

Жаңа маусымнан бастап Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф ойыны, топтық кезең матчтары, 1/8 финал, 1/4 финал, 1/2 финал және финалдық кездесулер Орталықеуропа уақыты (CET) сағат 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады. Сонымен қатар топтық кезең ойындарында әр сейсенбі және сәрсенбі күндері екі кездесу Орталық Еуропа уақыты 18:55-де (Астана уақыты 22:55) басталады. Ал топтық кезеңнің ең соңғы айналымы аясындағы матчтар бірдей уақытта басталады. Нақты уақытын UEFA белгілейді.

Еуропа лигасының ойындары топтық кезеңнен бастап 1/8 финалға дейін Орталық Еуропа уақыты (CET) сағат 18:55 (Астана уақыты 22:55) және 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады. Нақты қай ойынның қашан өтетіні жеребе арқылы анықталады. Ал ширек финалдан бастап ойындардың барлығы 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады.

UEFA Суперкубогы үшін өтетін матч Орталық Еуропа уақыты 21:00-де (Астана уақыты 01:00-де) басталады. 

Хабар 24 телеарнасы