384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абель Санчес: 5 мамырда кіммен болса да жұдырықтасамыз

  • 420
Абель Санчес: 5 мамырда кіммен болса да жұдырықтасамыз sport.bigmir.net

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Boxingscene.com-ға берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареспен кездесудің өтпей қалу мүмкіндігі жайлы пікірін айтты.

Айта кетейік, өткен айда Канелоның қанынан допинг табылып, боксшы уақытша спорттан шеттетілді. Бұл іске қатысты Невада штатының атлетикалық комиссиясы нақты шешімді сәуірде шығарады. Альварес пен Головкиннің екінші жекпе-жегі 5 мамырға жоспарланған.

«5 мамырда жекпе-жек өтеді деген үміттенемін. Біз лагерьде жұмыс істедік, сондықтан ешкіммен жұдырықтаспай қоюға себебіміз жоқ. Канеломен болсын, басқа біреумен болсын, біз 5 мамырда жұдырықтасамыз», – деді Санчес.  

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы