384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналық жас хоккейшілер «Айсберг кубогында» топ жарды

  • 419
  • UPD: 15:21, 31.03.2018
Астаналық жас хоккейшілер «Айсберг кубогында» топ жарды ХК "Барыс"

Астаналық «Барыс» хоккей клубының 10 жасқа дейінгі балалар құрамасы Ресейдің Челябинск қаласындағы турнирде топ жарды.

Наурыздың 19-ы мен 23-і аралығында өткен «Айсберг кубогында» хоккейшілеріміз жақсы ойын өрнегін көрсетіп, финалда мұзайдын қожайындары «Трактор командасын 8:6 есебімен жеңді. Ал жүлделі үшінші орыннан башқұртстандық ойыншылар көрінді.

Айта кетейік, жарысқа барлығы 6 команда қатысты.

Хабар 24 телеарнасы