384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хорватияда Дэвис кубогының жеребе тарту рәсімі өтеді

  • 412
  • UPD: 07:58, 05.04.2018
Хорватияда Дэвис кубогының жеребе тарту рәсімі өтеді Фото: btu.org.ua

Бүгін Хорватияда Дэвис кубогының жеребе тарту рәсімі өтеді.

Ал ертең теннис жанкүйерлері тағатсыздана күтіп жүрген ширекфиналдық кездесулер басталады. Вараждин қаласында өтетін дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Дмитрий Папко, Тимур Хабибулин мен Денис Евсеев сынды белгілі бес спортшы еліміздің намысын қорғайды. Айта кету керек, бұл сайыстың фавориті – хорватиялық команда.

Хабар 24 телеарнасы