375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда есту қабілеті нашар жастар арасында күрестен чемпионат өтті

  • 714
  • UPD: 09:00, 06.04.2018

Оралда есту қабілеті төмен кадеттер мен жастар арасында еркін және грек-рим күресінен республикалық чемпионат өтті.

Мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдер арасындағы сайысқа еліміздің 8 облысынан 60-тан астам спортшы қатысты. Екі күнге созылатын сайыс барысында олар 8  салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздар жазда ресейде өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Мамандардың айтуынша, елімізде сурдлимпиадалық палуандар арасындағы ұлттық біріншіліктер 10 жыл бойы өткізіліп келеді. Халықаралық және әлемдік деңгейдегі байрақты бәсекелерде олжа салғандары да аз емес. Ал осы жолғы жарысты ұйымдастырған оралдағы мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған клуб бірнеше жыл бұрын жұмысын бастады. Мұнда олардың күрестен бөлек жүзу, гимнастика, шахмат пен дойбы және бадминтон секілді спорттың 10 шақты түрінен шеберліктерін шыңдауға  мүмкіндік жасалған. 

Теміржан Хасанғалиев, БҚО мүмкіндігі шектеулі спортшылар клубының жаттықтырушысы: 

- Кадеттер немесе жастар арасында деген мына Қазақстан бойынша есту қабілеті төмен мектептер бар ғой, сонда оқитын балалар. Сол мына мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спортты көтереміз деп, болашақ олимпиадаға дайындап, сондай жарыс өткізіп жатырмыз. 

Ерназар Қонысбаев, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында еркін күрестен аға жаттықтырушы:

- Бұл жігіттер талпынып, тырысып жатыр. Өмірге деген құлшынысы жақсарып қалды. Спортпен айналысып, тәжірибе жөнінде де, сырт елдерге шығып балалармен араласып қайтты.

Хабар 24 телеарнасы