380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

  • 795
  • UPD: 08:56, 06.04.2018

Астанада белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Түркітілдес елдеріне ортақ спорт түрі қазір елімізде қарқынды дамып келеді.

Оған дәлел биылғы ел біріншілігіне 13 аймақтың құрамасы келді. Бас-аяғы 200-ге жуық спортшы 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде ерлер арасында Оңтүстік Қазақстан спортшыларына тең келер ешкім боламады. Олар 4 салмақ бойынша чемпион атанды. Жалпыкомандалық есептің үздік үштігінде Астана қаласы мен Атырау облысының құрамалары бар. Қыздар арасында да дәл осы өңірдің спортшылары алдыңғы қатардан көрінді.

Айта кету керек, қазақстандық қыз-жігіттер соңғы кезде халықаралық, құрлықтық және әлемдік деңгейде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Әсіресе соңғысынан жыл сайын 1-2 алтын әкелуді дәстүрге айналдырды. Астанада өткен дода Қазақстан чемпиондарын анықтаумен қатар, байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайтын ұлттық құраманы жасқтауға көмектесті. Яғни дәл осы жарыстың үздіктері енді Индонезияда өтетін Азия чемпионаты мен Қырғызстандағы «Көшпенділер ойнына»  қатысады.

Хабар 24 телеарнасы