383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дэвис кубогының ширек финалдық ойындары басталады

  • 326
Дэвис кубогының ширек финалдық ойындары басталады

Бүгін теннистен Дэвис кубогының ширек финалдық ойындары басталады.

Жарыс жолына алдымен Дмитрий Попко шығады. Оның қарсыласы – Хорватияның ең үздік теннисшісі Марин Чилич. Айта кетейік, 21 жастағы Дмитрий мұндай қарымды қарсыласпен алғаш рет кортқа шыққалы отыр. Екінші матчта Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Борн Чоричпен кездеседі. Ал жұптық сайыста Александр Недовесов пен Тимур Хабибулинге Иван Додиг пен Николо Мектич қарсы тұрады. Жерлестеріміздің жеңіске жетеміз деген үміті зор. Екі ойынның алғашқысы Астана уақыты бойынша сағат 17.45-те басталады.

Хабар 24 телеарнасы