384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Хорватия теннисшілері Дэвис кубогы аясындағы негізгі жарысты бастайды

  • 409
  • UPD: 16:59, 06.04.2018
Қазақстан мен Хорватия теннисшілері Дэвис кубогы аясындағы негізгі жарысты бастайды

Қазір шамамен жарты сағаттан кейін Қазақстан мен Хорватия теннисшілері Дэвис кубогы аясындағы негізгі жарысты бастайды.

Ширекфиналдық кездесудер Вараждин қаласында болады. Диас Досқараев бастаған ұлттық құраманың жігіттері бұл жерге бір апта бұрын барып, содан бері соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Ал күні кеше халықаралық турнирдің жеребе тарту рәсімі өтті. Оның нәтижесі бойынша ең алғаш болып кортқа қазақстандық жас теннисші Дмитрий Попко мен хорватиялық ең үздік теннисшісі Марин Чилич шығады. Екінші матчта Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Борн Чоричпен кездеседі. Ал жұптық сайыста Александр Недовесов пен Тимур Хабибулинге Иван Додиг пен Николо Мектич қарсы тұрады. Жарыстың жалпы қорытындысы 8 сәуірде белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы