386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дэвис Кубогінде Кукушкин Хорватиямен есеп теңестірді

  • 393
  • UPD: 11:05, 07.04.2018

Дэвис Кубогі аясындағы ширек финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы есеп теңестірді. Михаил Кукушкин алғашқы ұпайды салды.

Ойында 6 мәрте эйс жасаған Кукушкин қатарынан 3 сетте жеңіске жетті.

Ширек финалдың алғашқы ойыны Хорватия құрамасының үздігі Марин Чилич пен отандасымыз Дмитрий Попко арасында өтті. Екі мықтының тартысы шамамен 1 сағат 40 минутқа созылды. Дегенмен, әлемнің үшінші ракеткасы бұл кездесуді өз пайдасына шешті.

Дмитрий Попко, теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Чилич артқы шепке көп шабуылдап, кортқа жақын тұрып, үнемі қорғануға мәжбүр болдым. Ұпай есебімен алда тұрған сәттердің өзінде қысымды азайтпады. Соққылары өте жойқын әрі жылдам. Сондықтан кей ұпайларды оңай алды.

Марин Чилич, теннистен Хорватия құрамасының мүшесі:

- Дэвис Кубогін бірінші кездесуіне шығу адамды толқытады екен. Өз-өзіме келу үшін төрт гейм өтті. Осы уақытты қарсыласым ұтымды пайдалана білді. Кейін мүмкіндіктерім артты. Ол оңай қарсылас емес. Бірақ менің соққыларыма қарсы айла амалы қалмады.

Құрамаға алғашқы жеңісті Михаил Кукушкин сыйлады. Оның қарсыласы Борна Чорич. Спортшылар бұған дейін екі рет кездескен. Екеуінде де қазақстандың хорваттан басым түскен еді. Бұл жолы да жаңылмады. Бірақ Борна Чорич оңай шағылатын жаңғақ емес екенін дәлелдеді. Тартысқа толы талас үш жарым сағатқа созылды. Нәтижесінде 6:3, 7:6, 6:4, 6:2 есебімен отанасымыз басым түсті.

Михаил Кукушкин, тенистен Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Екінші сетте ойынды өз қолыма алғаныма қуандым. Брейкпен екі рет жеңіліп қалдым. Матчтың тағдырын екінші сет шешті десем де болады. Кездесу ауыр болды. Бұған дейін айтқанымдай Дэвис кубогында рейтінг маңызды емес. Ең бастысы жеңіске деген құштарлық болуы керек. Әрбір ұпай үшін жан беріп ойнадым және соңына дейін күрестім. Жеңісіме осы әсер етті деп ойлаймын.

Кукушкиннің жеңісінен кейін қос команданың есебі теңесті. Кездесудің екінші күнінде жұптық кездесулер өтеді. Жеребе бойынша отандасымыз Александр Недовесов пен Тимур Хабибулиннің жұбы хорватиялық Иван Додич пен Никола Мектичпен шеберлік сынасады.

Авторлары: Лариса Гречихина, Мейрамбек Ахмаханов

Хабар 24 телеарнасы