386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арман Әшімов пен Александр Доскальчук арасындағы жекпе-жектің мерзімі анықталды

  • 519
  • UPD: 09:29, 08.04.2018
Арман Әшімов пен Александр Доскальчук арасындағы жекпе-жектің мерзімі анықталды Фото: Prosports.kz

Қазақстандық жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов пен украиналық Александр Доскальчук арасындағы жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды.

Бұл туралы Qsport.kz порталы M-1 Global-дың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

M-1 Global тұжырымының уақытша чемпион атағын жеңіп алған отандасымыз келесі жекпе-жегін Доскальчукпен толыққанды чемпиондық атақты сарапқа салатын болады. Әшімов пен Доскальчук 12 мамыр күні Қытайдың Шеньчжень қаласында өтетін M-1 Challenge 91 турнирінде жұдырықтасады. Қос спортшы ең жеңіл салмақтағы нағыз чемпионның кім екенін анықтайтын болады.

Айта кетейік, Арман Әшімов – M-1 Global тұжырымының белбеуін иеленген алғашқы қазақ. Отандасымыз әлемнің ең үздік тұжырымдарының қатарына кіретін ұйымда 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен аяқтаған болатын. Ал украиналық Доскальчук сегізбұрышта 9 жекпе-жек өткізіп, тек 1 рет қана жеңілген.

Хабар 24 телеарнасы