384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Хорватия құрамаларының теннисшілері өзара мықтыны анықтап жатыр

  • 359
  • UPD: 11:51, 08.04.2018

Теннистен Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы бəсеке қыза түсті.

Дэвис кубогының əлемдік тобындағы ширек финалда корт иелері əзірге 2:1 есебімен алға шықты. Жұптық кездесуде алғашқы сет жерлестеріміздің пайдасына шешілгенімен, қалған үшеуінде хорваттар басым болды. Осылайша Александр Недовесов пен Тимур Хабибулин жұбы əлемнің үздік тандемі саналатын Иван Додиг пен Никола Мектичтен айлаларын асыра алмады. Енді бүгін жекелей сында тағы 2 матч өтеді. Алдын ала тартылған жеребеге сəйкес қос команда капитандары Михаил Кукушкин мен Марин Чилич мықтылық байқасады. Егер жерлесіміз жеңіске жетсе, қосымша бесінші матч өткізіледі. Егер есе жіберсек, Хорватия құрамасы тікелей жартылай финалға жолдама алады.

Никола Мектич, теннистен Хорватия құрамасының мүшесі

– Кездесу алдында қарсыласымыз туралы көп білмегендіктен, олардың осал еместігіне ойын барысында көз жеткіздік. Өйткені Недовесов пен Хабибулин тартысты ойын көрсетіп, алғашқы сетті жеңді. Алайда қалған сеттерде олардың стилін зерттеп, ойын өрнегін өз пайдамызға өзгерте алдық.

Александр Недовесов, теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі:

– Жеңіске жететіндей біраз мүмкіндік болды. Əсіресе үшінші жəне төртінші сеттерде. Бірақ қарсылас жұптың тəжірибелі тандем екендігі көрініп тұрды.

Хабар 24 телеарнасы