384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында таэквондодан жастар арасындағы республикалық турнир аяқталды

  • 725
  • UPD: 18:28, 09.04.2018
Алматы облысында таэквондодан жастар арасындағы республикалық турнир аяқталды

Алматы облысы Өтеген батыр кентінде таэквондодан жастар мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды.

Салауатты өмір салтын насихаттап, ауыл спортын дамыту мақсатында «Арыстан» кәсіпқой спорт клубының ұйымдастыруымен өткен турнирге еліміздің аймақтарынан 100-ден аса үміткер қатысты. Жас өрендердің жарысын тамашалауға Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шілманов бастаған ардагер спортшылар келді. Жалпы командалық есепте Алматы облысының таэквондошылары ешкімге дес берген жоқ. Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан және қостанайлық балғын спортшылар да бар шеберліктерін көрсетті. Жекелей сында Мадияр Баймырза, Дінмұхамед Адырасыл, Ахмет Дәлер, Камран Нұрадинов секілді спортшылар өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанды.

Қажи Қайыр Қабыланбайұлы, Алматы облыстық таэквондо  федерациясыпрезидентінің орынбасары:

– Қанжығалы Бөгенбай атамыздың атынан республикалық деңгейде екінші рет өтіп жатыр. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты осы жастарымызды спортқа тәрбиелеу, жастарымызды осылай таэквондо саласында олимпиадалық спорт түрі болғандықтан, деңгейін көтеру –мақсатымыз.

Хабар 24 телеарнасы