384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына аттанады

  • 346
  • UPD: 17:48, 10.04.2018
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына аттанады

Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері 12 сәуірде Еуропаны бетке алады.

Қазақстан әлем біріншілігі қарсаңында үш жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Алдымен Италиямен екі мәрте шеберлік байқасатын жерлестеріміз, сосын Австриямен ойнайды. 18 сәуірде Венгрияға баратын толық құрам анықталады. Бас бапкер бұл жарысқа Найджел Доус пен Дастин Бойд қатыспайтынын мәлімдеді. Бірінші дивизион командалары арасындағы әлем чемпионаты 22 сәуірде Будапешт қаласында басталады. Элиталық топтың екі жолдамасына Қазақстаннан бөлек, Венгрия, Ұлыбритания, Италия, Словения, Польша таласады.

Хабар 24 телеарнасы